2022 жылғы IIІ тоқсандағы жалақы

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IІI тоқсанда 299 782 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23,0%-ды, нақты мәнде – 5,8%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңгені құрады.

Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады. Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.

«Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыздық тармақ). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді", – дейді Наталья Белоносова.

Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды. 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады. Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.

Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 39%. Ең төмен өсім Астана қаласында байқалды – 15,1%.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2789 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Forbes Kazakhstan журналының мамыр айындағы саны қазақ тілінде жарық көрді
Басылымның жаңа санын журналдың бас редакторы Асия Акишева ұсынып отыр
3 мин. 249
Mr. Serik Tolbassy Transfers Assets to REIT TSPG
A Kazakhstan entrepreneur forms new standards for investments in commercial real estate
5 мин. 344
Банки Казахстана поддались кредитному импульсу
Несмотря на замедление роста экономики и сохранение жесткой денежно-кредитной политики
4 мин. 500
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 3730
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 3095
Почему на протесты первыми вышли «привилегированные» сторонники Газы
«Антисионистское» движение, распространившееся в университетских кампусах США, часто оказывается непоследовательным
5 мин. 2446
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить