«Астана» футбол клубының бас директоры болып Арслан Беспаев тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
А.Беспаев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді.
2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол клубының департаменттерінің бірінде басшылық қызметте болды.
Еске салсақ, Арслан Беспаев клубта атқарушы директор лауазымын атқарған болатын.
Вам может быть интересно: «Әлихан Смайылов заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан «тазартуды» тездетуді тапсырды»