Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына 85 жыл толды

 Бүгін Алматыда хайуанаттар бағының ашылғанына 85 жыл толды. Бұл туралы Алматы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыда хайуанаттар бағы 1937 жылы 7 қарашада ашылды. Содан бері қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орны болып келеді.

«Алматыдағы хаайуанаттар бағы тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де жабылған жоқ. Зообақ ашылған жылы жануардың тек 70 түрі болды. Ол кезде Алматыға жануарлар Мәскеу, Ашхабад, Ленинград хайуанаттар бағынан әкелінетін. Қазіргі уақытта Алматы хайуанаттар бағында 3 998 жануар және олардың 372 түрі мекен етеді. Зообақта қазір жасы ең үлкен жануар – қолтырауын. Биыл ол 50-ге толды»,- деп хабарлады қалалық мәдениет басқармасында.

Ал зообақтың баспасөз қызметі жасалған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы мәлім етті.

Бұрында зообақта арыстандар мен қолтырауын, жылан, тотықұстарға арналған бір ғана қысқыжай болған. Қазіргі уақытта әр жануардың қысқы тұрағы бар.

«Соңғы уақытта біз аюларға, қасқырлар мен жолбарыстарға арнап кең вольерлер салдық. Зообақ аумағындағы көлшіктерге күрделі жөндеулер жүргіздік. Алдағы уақытта пілдерге, мүйізтұмсықтар мен сусиырларға арнап кең жазғы және қысқы тұрақ саламыз. Сонымен қатар, жаңа ветеринарлық бөлім, жем-қорек бөлімі мен жеміс-жидек сақтайтын қойма саламыз»,- деп хабарлады зообақттың баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3110 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Банки Казахстана заработали больше 700 млрд тенге на процентах за три месяца
Все участники рынка зафиксировали прибыль в первом квартале 2024 года
5 мин. 5327
Коктейль «гудвил» для бизнеса: как смешать правильные ингредиенты
Нематериальные активы компании влияют на решения кредиторов и инвесторов
3 мин. 2380
Эксперты спрогнозировали курс тенге, инфляцию, базовую ставку
Несмотря на слабый старт с начала 2024 года, рост экономики в следующие 12 месяцев видится профучастникам рынка довольно позитивным
2 мин. 6524
Эксперты спрогнозировали курс тенге, инфляцию, базовую ставку
Несмотря на слабый старт с начала 2024 года, рост экономики в следующие 12 месяцев видится профучастникам рынка довольно позитивным
2 мин. 6524
Искусство управления впечатлением
Как бы ни боролись с лукизмом, факт остается фактом – красивые, ухоженные, хорошо одетые люди успешнее в карьере и бизнесе, увереннее двигаются по жизни и занимают лидерские позиции
2 мин. 533
1 миллион евро перечислила Сербия в фонд «Қазақстан халқына»
Средства предназначены для строительства домов в районах пострадавших от паводков
41 сек. 5277
Forbes Video

Юрий Негодюк - о кофе, налогах и тромбоне

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить